АТҰНЗ

АТҰНЗ дамытудың негізгі мақсаты ҚР наноғылымды, нанотехнологияны және наноинженерияны әлемдік деңгейге көтеру үшін ғылыми-технологиялық және білім беру инфраструктурасын халықаралық байланыстарды қамти отырып жасау және қолданбалы наноғылымды өндіріс пен бизнеске барынша жақындату болып табылады. Сонымен қатар, басқа да ҚР және халықаралық ғылыми-ағартушылық орталықтарға ғылыми және конструкторлық-жобалық жұмыстарды жүргізуде қызмет көрсету.

АТҰНЗ ның міндеттері

наноматериалтану, наноинженерия, нанотехнологияда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

стүрлі физикалық, химиялық және биологиялық үрдістерді қолдана отырып наноматериалдарды және жаңа технология мен техниканы жасау;

ғылыми – техникалық жобалар мен бағдарламалар, ңылыми зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен тәжирибиелік – конструкторлық жұмыстарды жасақтауға қатысу;

бакалавр, магистр және PhD дәрежесіндегі жоғары маманданған кадрларды дайындауға қатысу;

басқа да ұжымдардың ғылыми және ғылыми – техникалық зерттеулер жүргізуге тапсырыстарын орындау және тапсырыс берушімен келісімшарт негізінде дайын өнім дайындау;

АТҰНЗ да жүргізілетін ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету;

наноматериалдар, нанотехнология және наноинженерия саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау мақсатында өндірістік кәсіпорындармен, жақын және алыс шетелдегі жетекші университеттер мен білім орталықтарымен байланысты арттыру;

маңызды ғылыми – техникалық және білім беру мәселелерін бірлесе отырып шешу үшін жоғары оқу орындарымен, ғылыми, жобалық – конструкторлық , технологиялық ұйымдармен және өндірістік мекемелермен, қорлармен және басқа да ұжымдармен инновациялық әс – әректттерді, ғылыми – техникалық сабақтастықты арттыру;

Басылымдық, патенттік – ақпараттық қызмет.